Ашық сабақ

Білім беру саласы: Коммуникация. Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.Қоршаған орта

Тақырыбы: «Ғажайып гүлдер»

Мақсаты:Балаларға гүлдер туралы түсінік беру.Ойлау қаблеттерін,сөздік қорларын дамыту.Өз ойларын толық жеткізе білуге,гүлдерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері.

2. Кіріспе бөлім.

Мотивациялық-қозғаушылық.

Балалар, бізде бүгін ерекше күн,өйткені бүгін ұйымдастырылған ашық оқу қызметі және бізге бүгін көптеген қонақтар келген екен.Ендеше қонақтармен амандасып алайық.Олай болса,мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін,сендер шешімін тауып көріндер.

Жұмбақ жасыру.

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене,балалар,

Үзуге адам қимайтын.

(Гүлдер)

Дұрыс айтасыңдар.Т амаша.

Енді осы гүлдерге өзіміздің тілектерімізді айтайық.

1. Гүл сен әдемісің!

2. Гүліміз жайқала берсін!

3. Гүлдерді баптап өсірейік.

Ендеше бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміздің тақырыбы осы гүлдерге байланысты «Ғажайып гүлдер» деп аталады.

Слайд көрсету.Табиғат жанды және жансыз болып екіге бөлінеді,

Жанды табиғатқа өсімдіктержатады .Балалар енді біз өсімдіктің ішіндегі гүлдермен жақын танысайық деп отырмыз.Гүлдер алуан түрлі болады.Гүлдердің түрлері өте көп,және олар алуан түрлі болады .Гүлдер бізге тамаша көңіл күй ,айналаға сұлулық,әсемдік сыйлайды.Гүлдерді үш топқа бөлеміз.Дала гүлдері ,аула(бақша гүлдері)және бөлме гүлдері.

Дала гүлдеріне,түймедақ,қызғалдақ,бәйшешек және басқа гүлдер жатады.

Аула гүлдеріне,раушан,қалампыр және астра гүлдері жатады.Бөлме гүлдеріне фикус гүлі,қазтамақ ,бақыт гүлдері жатады екен.Бөлме гүлдері бөлмемізге көрік береді және таза ауа бөліп тұрады екен.Сондықтанда балалар,гүлдердің пайдасы зор екен.Сол үшін балалар,гүлдерді баптап,күтім жасап отыруымыз керек.Гүлдердің әдемі болып өсуі үшін күннің шуағы,жақсы топырақ,су қажет екен.

Ғажайып сәт

Балалар, бізге гүлдер қонаққа келген екен ,ендеше соларды қарсы алайық .

Өздерін таныстырады .

Раушан гүлі –Арай

Сымбаты сұлу тамаша,

Мен раушан гүлімін

Көз тоймайтын қараса,

Бақытты гүлдің бірімін

Түймедақ –Айжұлдыз

Мен түймедақ гүлімін,

Нәзік гүлмін жайнаған

Көктемде ,жазда ,күзде де,

Құлпырып тұрады айналам

Гүл ханшайымы –Сұлу

Маған қараңдаршы,

Қандай көркеммін

Гүлдердің патшасымын,

Еркемін

Қызғалдақ –Алтынай

Қызғалдақпын құлпырған

Жанарына нұр тұнған

Әдемі гүлдің бірімін,

Сұлулыққа ұмтылған

Бәйшешек –Айсұлу

Қар астынан бүр жарып,

Көктемде ерте гүлдеймін

Мен бәйшешек гүлімін

Мұңаюды білмеймін

Қалампыр –Мерей

Гүл жайнаған қаласы,

Қазақтың кең даласы

Мен қалампыр боламын,

Қандай сұлумын қарашы

Балалар,гүлдер сендермен бірге оқу қызметіне қатысқылары ,сендермен бірге ойнағылары келеді екен.Ендеше,гүлдермен ойын ойнасақ қалай қарайсындар?

Гүлдермен ойын

Мақсаты:Әр гүл өз орындарын тауып тұруы керек.

Сергіту сәті

Гүлдердің қимылдарын жасап көрсетеді

Ойын: Жыл мезгілінде өсетін гүлдер.

Мақсаты:Гүлдерді бір-бірінен ажырата білу.

4.Тәжірибе көрсету- гүл отырғызу.

Бөлме гүлдерін түбекке отырғызып көрсету.

Қорытынды .

Балаларды мақтап,мадақтау.

«Гүлдер» өлеңімен қорытындылау.

Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып.

Көріскенше күн жақсы,

Сау,саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Гүлдердің жеке атауларын,түрлерін білу керек

Білді:Гүлдердің пайдасын және гүл түрлерін ажырата білді.

Игерді:Гүлдерге қамқорлық жасауды,күтіп баптауды.

«Тамосик» балабақшасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

«Ғажайып гүлдер»

Дайындаған және өткізген Күні 22.11.19

Бағымбекова А.А Қолы

Алматы қаласы.



Новые публикации

План-конспект образовательной деятельности с детьми первой младшей группы «Покормите птиц…

План-конспект образовательной деятельности с детьми первой младшей группы «Покормите птиц зимой»

Музейная педагогика как средство духовно-нравственного воспитания дошкольника

Музейная педагогика как средство духовно-нравственного воспитания дошкольника Глобальные перемены в социокультурной жизни, связанные с переоценкой общественных ценностей, повысили интерес к разностороннему...

Конспект физкультурного занятия в старшей группе «Путешествие в городок»

Конспект физкультурного занятия в старшей группе «Путешествие в городок» Цель: Закрепить знания детей о русской народной игре «Городки». Задачи: 1. Развивать силу, координацию, глазомер...

Читайте также

Конспект непосредственно образовательной деятельности (здоровье, физическое развитие, коммуникация). Тема: «Сохрани…

Конспект непосредственно образовательной деятельности (здоровье, физическое развитие, коммуникация) Тема: «Сохрани своё здоровье» Цель. Учить детей самостоятельно следить за своим здоровьем, знать несложные...

Перспективное планирование физкультурных досугов с детьми старшего дошкольного возраста

Перспективное планирование физкультурных досугов с детьми старшего дошкольного возраста Дата Название Цели и задачи сентябрь «Дружба начинается с улыбки» Цель: развитие способности чествовать эмоциональное состояние другого...

Конспект занятия по правовому воспитанию детей старшего возраста «Правовая школа»

Конспект занятия по правовому воспитанию детей старшего возраста «Правовая школа» Цель: Формировать основы правового сознания. Познакомить с Конвенцией о правах ребенка. Задачи: Уточнить и обобщить представления...

Читайте также

Конспект музыкально-спортивного развлечения «Азбука безопасности» в средней группе

Конспект музыкально-спортивного развлечения «Азбука безопасности» в средней группе Цель: формирование у детей среднего дошкольного возраста основных навыков безопасного поведения на улицах...

Консультация для родителей «Учим ребенка правильно вести себя с животными»

Консультация для родителей «Учим ребенка правильно вести себя с животными» Кошки, собаки, хомячки, морские свинки, птички и рыбки – мы привыкли...

Проект «Неделя добрых дел»

Проект «Неделя добрых дел»